Құжаттар тізімі:

1) порталға:

      жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау (тарихсыз/тарихымен) үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) Мемлекеттік корпорацияға:

      жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау (тарихсыз/тарихымен), мекенжай беру және мекенжайын жою бойынша анықтама алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін).

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

      порталға:

      жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру (тарихсыз/тарихымен) – 15 (он бес) минут;

      Мемлекеттік корпорацияға:

      жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру (тарихсыз/тарихымен) – 15 (он бес) минут;

      жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны “Мекенжай тіркелімі” ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжай беру туралы анықтама беру немесе жылжымайтын мүлік объектілерінің жою туралы анықтама беру – 6 (алты) жұмыс күні, немесе дәлелді бас тарту – 2 жұмыс күні.

      Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынылады.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 минут;

      3) қызмет көрсетудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 20 минут.

GIS ПОРТАЛ