Құжаттар тізімі:

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі), оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар Мемлекеттік корпорацияға бір данада мыналарды ұсынады:

      1 – кезең:

       1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру туралы өтініш;

      2) жер учаскесінің орналасу схемасы;

      3) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      түпкілікті таңдау актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмыстар жөніндегі көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеуді өтініш беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш беруші келіспеген таңдау актісінің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, келісілмеген таңдау актісін жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады;

      2 – кезең: келісілген түпкілікті таңдау актісі.

      Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады;

      порталға:

      1 – кезең:

       1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру туралы электрондық өтініш;

      2) жер учаскесінің орналасу схемасының электрондық көшірмесі;

      түпкілікті таңдау актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмыстар жөніндегі көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеуді өтініш беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш беруші келіспеген таңдау актісінің қолданылу мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жіберіледі;

      2 – кезең: электрондық құжат нысанындағы түпкілікті келісілген таңдау актісі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) Мемлекеттік корпорацияға және порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:

      1 – кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындылары бар жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні

      2 – кезең: түпкілікті таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушының жер-кадастрлық жұмыстар жөніндегі көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеуі кезінде – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні

ЭТИЧЕСКИЙ КОДЕКС ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
(ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ӘДЕП КОДЕКСІ)

ЭТИКА⠀ГОС.⠀СЛУЖАЩИХ