ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Сәулет-жоспарлау тапсырмасы-объектінің мақсатына, негізгі параметрлеріне және оны нақты жер учаскесіне (алаңға, трассаға) орналастыруға қойылатын талаптар кешені, сондай-ақ осы елді мекен үшін қала құрылысы регламенттеріне сәйкес белгіленетін, жобалау мен құрылысқа қойылатын міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер.

1-ші ПАКЕТ

ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ҒИМАРАТТАРДАҒЫ ҮЙ-ЖАЙЛАРДЫ (ЖЕКЕЛЕГЕН БӨЛІКТЕРІН) РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУҒА (ҚАЙТА ЖОСПАРЛАУҒА, ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАУҒА) БАСТАПҚЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ҮШІН:

  1. Реконструкция жасауға өтініш
  2. Тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлері) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің жазбаша келісімі немесе, егер өзгерістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қозғаған жағдайда, тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлер) меншік иелерінің жиналыс хаттамасының электрондық көшірмесі
  3. Өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспортының электрондық көшірмесі (болған жағдайда)
  4. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі (инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда)
  5. Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) (“Жылжымайтын мүлік тіркелімі” мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда)
  6. Техникалық жобаның электрондық көшірмесі (сейсмикалық қорытынды)
  7. Егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімның электрондық көшірмесі қосымша қоса беріледі.
2-ші ПАКЕТ
  1. Осы мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет стандартына сәйкес өтініш
  2. Жер учаскесіне құқық беретін құжаттың электрондық көшірмесі
  3. Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі
GIS ПОРТАЛ