Жарнама дегеніміз не? Оны орналастырғаны үшін неге төлем төлеу керек?

Жарнама – кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгілі бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін ақпарат.

Өз кезегінде, сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарында (соның ішінде ғимараттар мен құрылысжайлардың сыртқы жақтарында) орналастырылған және Алматы қаласы аумағындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнама сыртқы (көрнекі) жарнама болып табылады.

 «Жарнама туралы» ҚРЗ 11-бабына  және Салық кодексінің 603-бабына сәйкес тек сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін міндетті ай сайынғы төлем алынады

Сыртқы жарнаманы тіркеу үшін мен не істеуім керек?

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру Басқармаға орналастырылған бірінші айда төлем жасалғандығын растайтын құжат пен жарнаманың сипаттамасы бар эскиздерді қоса отырып, белгіленген үлгідегі сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда  рұқсат етіледі.

Еgov арқылы хабарлама жолдау кезіндегі сілтеме

Маңдайшаның сыртқы жарнамадан айырмашылығы неде?

Маңдайша – дараландыру құралдарын қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың атауы және қызметінің түрі туралы ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың нақты тұрған және тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылысжайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын ақпарат.

Сонымен қатар, Заңның 3-тармағы 1-1-тармағына  сәйкес,  Заңның 3-бабының 7-1-тармағында көзделмеген маңдайшадағы жарнамалық сипаттағы қосымша ақпаратты көрсету оны сыртқы (көрнекі) жарнама ретінде жіктеуге негіз болады.

Сонымен қатар, маңдайшаға қарағанда ол үшін төлем алынатын,  сыртқы (көрнекі) жарнаманың басты айырмашылығы  сыртқы жарнама белгілі бір кәсіпкерлік субъектісіне деген қызығушылықты қалыптастыруға және қолдауға, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатуды ынталандыруға арналғандығында, ал маңдайша шаруашылық субъектісінің орналасқан жерін көрсетіп, сауда орнына кіру орнын көрсетуінде. Қарапайым айтқанда, сыртқы жарнаманы коммерциялық мүдделер негізінде кәсіпкерлік субъектісі бастамашыл түрде орналастырады, ал маңдайшаны  орналастыру заңның міндетті талабы болып табылады.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем мөлшері қалай есептеледі?

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем ставкалары Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 605-бабында белгіленген, ал Салық кодексінің бұл ережесі республикалық маңызы бар қалаларға сыртқы (көрнекі) жарнама үшін төлемдердің базалық айлық ставкаларының мөлшерін ұлғайтуға құқық береді.

Алматы қаласы мәслихатының №259 шешімімен жекелеген көшелерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлем ставкалары бекітілді («А» санаты). «А» санатындағы көшелердің тізімін Мәслихаттың көрсетілген шешімінің қосымшасынан таба аласыз.

Жалпы, ставканың мөлшері 2-ден 200 АЕК-ке дейін өзгереді және тікелей сыртқы (көрнекі) жарнаманың көлеміне, түріне және орналасуына байланысты.

Мүлдем төлемеу үшін немесе аз төлеу үшін өз сауда орнымды қалай рәсімдеуім керек?

Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 11-бабы сыртқы (көрнекі) жарнамаға жатпайтын объектілердің тізімін қамтиды. Олардың бірі  - маңдайша. Яғни, маңдайшаны  орналастыру ақысыз, бірақ сонымен бірге өз маңдайшаңыздың Заңның 7-2-тармағының заңнамалық тұрғыдан бекітілген анықтамасына сәйкестігіне назар аударыңыз. Қажет болса, Басқарма мамандарынан кеңес алыңыз (тел. 240-80-11). 

Бұған қоса, сыртқы (көрнекі) жарнамаға жатпайтын нысандардың тізіміне: сырттан көзбен көру үшін сөрелер мен терезелерді мынадай:  үй-жайлардың ішінде орналастырылатын тауар өнімі; көрсетілетін қызмет түрлері; дараландыру құралдары; декоративтік және мерекелік безендіру сипатындағы ішкі безендіру жатпайды.

Сонымен қатар, № 37 елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ережелерінің 17-тармағында үй-жайлардың ішіне орналастырылған суреттер мен бейнесуреттер тауар өнімдері мен көрсетілетін қызмет түрлерін сипаттайтын сыртқы көрнекі қабылдауға арналған витриналар мен терезелердің ішкі дизайнына жатады.

Осыған байланысты заңнамада міндетті төлемдер төлемей, тұтынушыларды қызықтыру үшін эстетикалық және сонымен бірге сату орнын ақпаратпен тиімді ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 605-бабына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманың түрлерімен танысып, Сіз ай сайынғы төлем мөлшері мен оның тиімділігі критерийлері негізінде сыртқы (көрнекі) жарнаманың оңтайлы түрін таңдай аласыз.

Жөнсіз жарнама орналастырғаны немесе сыртқы жарнаманы ескертусіз орналастырғаны үшін қандай жауапкершілік бар?

Бүгінгі күні Басқарма сыртқы (көрнекі) жарнаманы және оларды орналастыруға арналған объектілерді (құрылымдарды) заңсыз орналастыру фактілерін анықтау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Сыртқы (көрнекі) жарнаманың Басқармаға хабарлама жолдау рәсімінсіз орналастыруды анықтау фактілері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 463-бабында көзделген жауапкершілік туындайды. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыру ережелерімен №233 реттелген сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын (құрылыстарын) орналастыру тәртібін сақтамай, анықталған заңсыз орналастыру фактілері бойынша кейін орнатылған нысанды бұзумен Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің «Сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі және тұрғын үй қатынастары» атты 20-тарауында көзделген жауапкершілік туындайды.

Сонымен бірге, ҚР ӘҚБтК-нің 455-бабында тыйым салынған және жөнсіз жарнама орналастырғаны үшін айыппұл ретінде әкімшілік жаза белгіленді (мысалы: алкоголь мен темекі жарнамасы, қаржы пирамидасының жарнамасы, қасақана жалған жарнама және т.б.). Сондай-ақ, бұл бап Қазақстан Республикасының заңдарында жарнама тарату тілдеріне қойылатын талаптарды бұзғаны үшін қолданылады.

Мен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаным үшін төлемдерді есептеуге негіз не?

Егер Сіз сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырған болсаңыз, бірақ бұл туралы Басқармаға хабарлама жолдамасаңыз, Басқарма «Жарнама туралы» ҚР-ның 17-2-бабы 1-тармағы 5-тармақшасы негізінде ай сайын бір фототіркеу арқылы сыртқы (көрнекі) жарнаманың нақты орналастырылуын белгілейді.

Әрі қарай, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 603-бабы негізінде хабарлама жіберілмеген жағдайда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем сомасын жинауға және төлеуге нақты орналастыруды белгілеу негіз болып табылады.

Салық кодексінің 7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылатындығын ескеру қажет.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың тіркелген фактілері туралы фотоесеп алу үшін салық органынан үлгісімен бірге фотоесеп алуға  өтініш жіберу керек (№ 16 қосымша).

Барлық қосымша немесе анықтайтын сұрақтар бойынша 240-80-11 нөміріне қоңырау шалыңыз (жарнама қызметі) немесе uaig_reklama@mail.ru поштасына жазыңыз.

GIS ПОРТАЛ