
Алматы қаласында салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы қарқынды жүргізілуде. Оған көше бойында орналастырылған спортпен жаттығу орындары дәлел. Көңіл көтеретін тағы бір жағымды жаңалық, Жетісу ауданының «Кемел» ықшамауданында спорттық сауықтыру орталығының бой көтеруі. Орталықта кішкентай баладан еңкейген кәріге дейін келіп, спортпен шұғылдануға мүмкіндік тумақ. Сонымен қатар, мұнда ой-өресін өсіретін шахмат және мың бұрала билеуді, үстел тенисін үйрететін үйірмелер ашылатын болады. Бұл Жетісу ауданы халқы үшін таптырмайтын орынға айналатыны сөзсіз.
131 Views