Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасында апта сайынғы онлайн азаматтарды қабылдау өтті
Егер қызыл сызық жер участок бойымен жүрсе не істеу керек??
Алматы қаласында сыртқы жарнаманы орналастыру Ережелері қандай?
Азаматтардың осы және басқа да сұрақтарына Басқарманың басшысының орынбасарлары Еркебұлан Сембаев және Батырхан Сүлейменов жауап берді. Қала тұрғындары толық кеңес алып, өз сұрақтарына толық жауап алды. Бірқатар мәселелерді сол жерде шешуге мүмкіндік туды. Егжей-тегжейлі қарауды талап ететін мәселелер жұмысқа қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, әр жұма күні сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасында азаматтарды онлайн қабылдау жүргізіледі.
Мәселелерді нәтижелі шешу үшін алдын ала қабылдауға жазылу, сондай-ақ сұрақтарыңызды 8 727 240 80 00 телефоны мен айту қажет.
121 Views