▪️Жылжымайтын мүлік мекен-жайын қалай алуға болады?
▪️Сыртқы жарнаманы орналастыруға рұқсат алу үшін не қажет?
▪️Гараж салу үшін қандай құжаттарды рәсімдеу керек?
Алматылықтардың осы және басқа да сұрақтарына 4 маусым күні ҚЖжУБ басшысының орынбасарлары Еркебұлан Сембаев, Төлеуқан Исмаилов және Батырхан Сүлейменов жауап берді.
Ақсай-1 және Ақсай-3 тұрғындарымен тұрғын емес үй-жайларды тұрғын үй қорына аудару мәселесін ҚЖжУБ басшысы Алмасхан Ахмеджанов талқылады.
Кейбір мәселелер сол жерде шешілді. Егжей-тегжейлі зерделеуді және басқа да мемлекеттік құрылымдарды қосуды талап ететін сұрақтар жұмысқа қабылданды. Барлық келіп түскен өтініштер басшылықтың бақылауында
238 Views