Сыртқы (көрнекі) жарнамаға:

  1. Маңдайша;
  2. Жұмыс режимі туралы ақпарат;
  3. Арнайы бөлінген орындарда орналастырылатын мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишалары;
  4. Қызмет көрсетудің техникалық құралдарын және көлік құралдарын дараландыру; 
  5. Мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағалары, сатушының атауы мен логотипі туралы автожанармай құю станцияларына кірген жерде орналастырылатын ақпарат; 
  6. Мәдени құндылықтар туралы және (немесе) тарихи-мәдени мұра объектілері туралы, оның ішінде тарих пен мәдениет ескерткiштерi туралы ақпарат (мәліметтер); 
  7. Айырбастау пункттерінің жанында орналастырылатын, қолма-қол шетел валютасын теңгемен сатып алу және (немесе) сату бағамдары туралы мәліметтер бар ақпарат; 
  8. Сырттан көзбен көру үшін сөрелер мен терезелерді мынадай: 
  •       үй-жайлардың ішінде орналастырылатын тауар өнімі;
  •       көрсетілетін қызмет түрлері;
  •       дараландыру құралдары;
  •       декоративтік және мерекелік безендіру сипатындағы ішкі безендіру жатпайды.

Маңдайша – дараландыру құралдарын қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың атауы және қызметінің түрі туралы ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың нақты тұрған және тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылысжайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын ақпарат