2-2. Хабарлама сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын болжамды күнге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Хабарламаға:

  1. Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын кезең мен орын туралы ақпарат бар мәліметтер нысаны(1-ші мысал)
  2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақының енгізілгенін растайтын құжат (2-ші мысал)
  3. Нобайларымен қоса жарнаманың қазақ және орыс тілдерінде еркін нысандағы сипаты қоса беріледі (3-ші мысал)
GIS ПОРТАЛ