2018-06-28 14:41:40

«Біздің білікті мамандарымыз» айдары. Еркебұлан Сембаев

«Біздің білікті мамандарымыз» айдарында Бостандық ауданы Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, өз ісінің кәсіби маманы Еркебұлан Сембаевпен таныстырғалы отырмыз.

Балалық шағынан бастап Еркебұлан Сембаев «құрылысқа қатысты ортада» жұмыс істейтінін білген еді. Мектепте болашақ мамандық тақырыбына жазған шығармаларында, ол үй салу және қалаларды әдемі ету туралы армандайтынын жазатын. Сынып жетекшісі оны математика пәні бойынша үнемі «бес» аласың, экономист мамандығын таңдасаң жақсы болар еді деп үгіттейтін. Бірақ Еркебұлан Сембаев өз мақсатынан бас тартпады және ешқашан ол үшін өкінген жоқ. Алматы құрылыс және менеджмент колледжіне түскеннен кейін, көп ұзамай үйленді. Отбасын асырау үшін ол құрылыс алаңында жұмыс істеді. Алматы қаласындағы Орталық мешіт құрылысы кезінде қаңылтырмен жұмыс істеуші болып үлес қосты. Қазіргі кезде ол мешіт жанынан өтіп бара жатқанда, алып күмбездегі айдың қалай орнатылғанын еске түсіреді. Сол кездерде ол атақты сәулетшілермен бірге қояма-қолтық жұмыс істеп, олар оған өздерінің ізімен жүруге кеңес берді. Айтылған сөз атылған оқ. Бәрі солай болып шықты!
Еркебұлан Сембаев Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасында 20 жылдан астам жұмыс істейді. Ең әуелі еңбек жолын инженерлік желілерді басқару және сәулет-құрылыс бақылау бөлімінде лицензиялау маманы, одан соң «Алматы ЖерҒӨО» бөлімінде өндірістік-техникалық бөлімді басқарды. 2017 жылдан бастап Наурызбай ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімін басқарды, бүгінде ол Бостандық ауданының келбетіне жауап береді.
Бұл жерде көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр дейді сәулетші. Республика алаңын қалпына келтіру, Әл-Фараби, Гагарин, Розыбакиев және Өтепов көшелерінің шаршысындағы «Мега» СОО сауда – ойын-сауық орталығы аудандарында тұрғын үйлер мен қызмет көрсету нысандарының қарқынды құрылыстары жоспарланып отыр. Даниялық сәулетші Ян Гейлдің тұжырымдамасына сүйеніп, Радостовец көшесінің жаяу жүргіншілер бөлігін Панфилов көшесінің үлгісі бойынша желекжолға айналдыру көзделіп отыр. Желекжолға көше жиһаздарын орнату, балалардың ойын алаңдарын салу, көгалдандыру және көшелерді қала тұрғындарының жайлы демалуы үшін қайта құру жоспарлануда.
Еркебұлан Алдашұлы – Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының мүшесі. 2005 жылы ол «Дархан», «Өжет», «Ұлжан» ауылдарының НЖЖ құруға қатысты. Балқаш ауданының өзі туып өскен Қараой ауылында саябақ салып – өзінің шығармашылық ойларын жүзеге асыруды армандайды.